Ақтөбе облысында боран соғып, қалың қар жауады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында боран соғып, қалың қар жауады

20 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде қалың қар жауады. Жаяу бұрқасын көтеріліп, тұман түседі. Көктайғақ күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ертең Ақтөбе қаласында қар жауады, боран соғады. Көктайғақ болады. Батыстан күшті жел соғады, жел қарқыны - 16 м/с.