Ақтөбе облысында боран туралы ескерту жасалды

АҚТӨБЕ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/- Ақтөбе облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының нашарлап, ақпанның 23-25-і аралығында боран соғатындығы туралы ескерту жасады.
None
None

Әзірге Ақтөбеден шығатын барлық жолдар ашық, мектептер қалыпты режімде жұмыс істеуде.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің бас маманы Айымжан Жұмашеваның айтуынша, қатты аяз бола қоймайды, бірақ өңірде боран басталып, қар жауады.

Синоптиктер ақпанның 23-інде ауа райы бұлтты болады, кей жерлерде қар жауып, боран болады, секундына 9-14 метр жылдамдықпен, кей жерлерде 20 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжап отыр. Түнде ауа температурасы минус 7 градусқа дейін, кей жерлерде минус 15 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз термометр бағамы минус 3 градусты, кей жерлерде 6 градусты шамалайды.

Ақпанның 24-25-інде кей аудандарда қар жауып, боран болады деп болжанып отыр. Желдің екпіні секундына 14 метрге, кей жерлерде 20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы минус 12 градусқа дейін, кей жерлерде минус 20 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа райы - минус 7, кей жерлерде 17 градус аязды көрсетеді.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында, құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарына алыс жолға шықпауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес беруде.

Соңғы жаңалықтар