19:28, 11 Қаңтар 2019 | GMT +5
Ақтөбе облысында бұрқасын соғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында бұрқасын соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазгидрометтің хабарлауынша, 12 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жетеді.
12 қаңтарда Ақтөбе қаласында күндіз оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15 м/с дейін жетуі ықтимал.
Ертең сенбі күні, Түркістан, Қостанай облыстарында ауа райы қолайсыз болады, Батыс Қазақстан облысында да жел күшейіп, боран соғуы мүмкін.