Ақтөбе облысында бұрқасынға байланысты жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды "Қазавтожол" РМК.

Ақтөбе облысында бұрқасынға байланысты жолдар жабылды

Бүгін, 29.03.17 күні Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) "Самара-Шымкент" автожолының Ақтөбе мен Хромтау қаласы аралығындағы бөлігінде (753-835 км) жүк көліктеріне қозғалыс шектелді.

22:10-де "Самара-Шымкент" автожолының Белогорка кентінен Хромтауға дейінгі бөлігінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

22:50-де "Ақтөбе-Орск" автожолының Пригородный кентінен РФ шекарасына дейінгі бөлігінде жүк көліктеріне қозғалыс шектелді.

Сондай-ақ, Астана уақытымен 23:40-та "Қандыағаш-Эмбі-Шалқар-Ырғыз" автожолының Қандыағаштан Шалқар қаласына дейінгі аралығында (0-257 км) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.