09:11, 23 Маусым 2010 | GMT +5
Ақтөбе облысында далалы алқаптағы өрт ауыздықталды -ТЖМ
ымның 23-і. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында далалы алқаптағы өрт ауыздықталды,

деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.
Өрт маусымның 21-і күні кешкі сағат 7-де Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округінде шықты. Жалын тілі 200 гектар аумақты шарпыды. ТЖМ-ның мәліметтеріне сәйкес, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жау ерікті өрт сөндірушілердің күшімен маусымның 22-сі күні таңертеңгі 5.10-да сөндірілді.