Ақтөбе облысында далалы алқаптағы өртті сөндіру барысында екі адам зардап шекті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында далалы алқапты шалған өртті сөндіру барысында екі адам зардап шекті.
None
None

Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, маусымның 30-ы күні кешқұрым Ақтөбе облысы Байғанин ауданына қарасты Абай және Қарауылкелді ауылдық округтерінің төңірегіндегі далалы алқап жанып, жалынның «Кеңқияқ-Атырау» магистральды мұнай құбырына жайылу қаупі туған. Тілсіз жаудың шарпыған жалпы аумағы 1200 гектарды құрады.

Құтқарушылардың айтуынша, өртті сөндіру барысында «Байғанин көлік» ЖШС-ның 46 және 56 жастағы екі жұмыскері күйік жарақаттарын алып, олар ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайды жоюға ТЖМ-ның 6 адамымен және 2 көлігімен қатар, 65 жергілікті тұрғын жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар