Ақтөбе облысында екі дала өрті сөндірілді

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында екі дала өрті сөндірілді,
None
None

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Алға ауданы Үшқұдық ауылдық округінде маусымның 17-сі күні сағат 16.00-де 60 гектар аумақта дала өрті орын алған. Жалын бес сағат өткен соң ауыздықталды.

Сол күні сағат 14.00-де Хромтау ауданындағы Дон ауылдық округінде 100 гектар аумақты шарпыған екінші өрт тіркелген. Бұл өртті де тек бес сағаттан көп уақыт өткен соң тоқтату мүмкін болды.

ҚР ТЖМ атап өткендей, екі оқиғада да қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар