07:45, 08 Шілде 2010 | GMT +5
Ақтөбе облысында екі күннен астам уақыт бойы жанған далалы алқаптағы өрт сөндірілді
АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында екі күннен астам уақыт бойы жанған далалы алқаптағы өрт сөндірілді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, от шілденің 5-і күні кешқұрым Темір ауданына қарасты Тасқопа, Алтықарасу және Қайыңды ауылдық округтерінен шықты. 100 гектар жерде басталған өртті, шілденің 7-сі күні 3200 гектар аумақта ауыздықтау мүмкін болды.
Тілсіз жаумен екі күннен астам уақыт бойы Ақтөбе облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы және ерікті өрт сөндіру жасақтарының 88 адамы мен 7 техника күресті.