Ақтөбе облысында фосфор және калий тыңайытқыштарын шығаратын ірі өндіріс орындары құрылуда

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында фосфор және калий тыңайытқыштарын шығаратын ірі өндіріс орындары құрылуда.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аталған өңір басшысы Архимед Мұхамбетов мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, кластердің химиялық саласында минералдық тыңайытқыштар өндірісінің маңызы зор. Осы орайда фосфор және калий шикізатының ауқымды қорын тереңдетіп қайта өңдеу негізге алынды. Бұл бағыттағы алғашқы қадам ретінде «Темірсервис» ЖШС-ның іске қосылуы зор маңызға ие болып отыр. Әкімнің айтуынша, минералдық тыңайытқыштарды өндіру бойынша екінші кезеңде «Чилисайхимикал» компаниясы зауыт құрылысын бастамақ. Онда моноаммонифосфат және диаммонифосфат тыңайтқыштары шығарылатын болады. Зауыттың қуаттылығы жылына 880 мың тоннаны құрайды. Ал толық күшіне енгеннен кейін жылына 2,7 млн. тоннаға дейін өнім шығарады. Осы өндіріске бағытталып отырған инвестицияның жалпы көлемі 600 млн. АҚШ долларынан асып отыр.
Соңғы жаңалықтар