13:44, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Ақтөбе облысында халықтың есептік санының 84,4 пайызы есепке алынды
АҚТӨБЕ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ұлттық халық санағы аяқталуға аз уақыт қалды.
Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Ақтөбе облысында халықтың есептік санының 84,4 пайызы есепке алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық статистика басқармасының бастығы Әлия Боранбаеваның айтуынша, наурыздың 4-і күнгі жағдай бойынша санақшылар 618 мың 775 адамды санақтан өткізді, олардың 295 мың 877-сі ? ер азаматтар, 322 мың 898-і - әйелдер. Ақтөбе қаласы бойынша 292 мың 954 адам санаққа алынды, бұл есептік көрсеткіштің 80,7 пайызы. Әлия Боранбаеваның айтуынша, санақ жақсы қарқынмен жүріп отыр. Қазірдің өзінде стационарлық бекеттерде (вокзалдар мен әуежайда), жабық мекемелерде санақ науқаны аяқталды, бірақ ондағы мәліметтер әзірге ресми есепке қосылған жоқ, мәліметтер санақ толық аяқталардың алдында есепке қосылады.