Ақтөбе облысында КамАз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт бала ауруханаға түсті
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Жол-көлік оқиғасы 10 қараша күні сағат 9:45 шамасында Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ-Шұбаршы автожолында болған. Бұл туралы ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.
КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі негізгі жолға шығып, Largus көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес жолаушы, оның ішінде төрт кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: t.me/POLICE_of_KZ