Ақтөбе облысында қар құрсауынан 113 адам, 32 техника, соның ішінде 1 автобус шығарылды

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында қар құрсауынан 113 адам, оның ішінде 11-і бала, 32 техника шығарылды.

Ақтөбе облысында қар құрсауынан 113 адам, 32 техника, соның ішінде 1 автобус шығарылды

Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» жолының 810 шақырымында қар құрсауынан шығарылған 5 жеңіл автокөлік, 28 адам (оның ішінде 2 бала) Ақтөбе жеткізілді.

Апаттық-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ Ақтөбе облысының ТЖД өрт сөндіру қызметі (6 адам мен 2 техника), «ЖҚЖ» ММ жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Қарғалы ауданында «Ақтөбе-Орск» автожолының 108 шақырымнда қар құрсауынан 27 автокөлік, 85 адам, оның ішінде 9 бала шығарылып, олар Әлімбет кентінің орта мектебіне орналастырылды.

Апаттық-құтқару жұмыстарына ауданның төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп «Қазақавтодор» РМК және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды (8 адам мен 8 техника). Зардап шеккендер жоқ.