Ақтөбе облысында қатты дауыл болады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында 26 қаңтар күні қатты дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында қатты дауыл болады

Мұғалжар ауданында желдің жылдамдығы күшейе түсіп, секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

24 қаңтарда Ақтөбе облысында дауыл және боранға байланысты ескерту жарияланған болатын. Ақтөбедегі мектептерде екі күннен бері сабақ болған жоқ.