Ақтөбе облысында көпқабатты үй өртенді, 3 адам ысты газға уланды

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - 15 шілде күні сағат 23.01-де Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Жем қаласында, Жастар көшесі бойында орналасқан 5 қататты көппәтерлі үйде 2 қабаттағы қоймада өрт болды.

Ақтөбе облысында көпқабатты үй өртенді, 3 адам ысты газға уланды

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт сағат 00.10-да сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Жалын шарпыған аумақ 18 шаршы метрді құрады. Көмірқышқыл газына уланған 42 және 33 жастағы екі ер адам және 24 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді.