Ақтөбе облысында Krisha.kz сайтына жалған жарнама беріп, елді алдаған алаяқ ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 ақпан күні Ақтөбе облысы Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Павлодар қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады.
None

Бұл туралы ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, күдікті 2022 жылдың маусым айынан бастап Krisha.kz сайтында пәтерді ұзақ мерзімге жалға беру туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Пәтерде жалдамақ болған тұрғындар қолма-қол ақшаны алдын-ала жалған абоненттік нөмірлерге аударып отырған. Шығын көлемі шамамен 1 млн теңгені құрайды.

«Ұсталған адамның интернеттегі алаяқтықтың 5 фактісіне қатысы бар екендігі анықталды»,-делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар