Ақтөбе облысында мүгедек балаларды сауықтыру орталығы ашылды
Оның негізгі мақсаты - тірек-қозғалу аппараттары зақымданған, психикалық дамуы тежелген, церебральды сал ауруына шалдыққан және т.б. зардап шеккен 3-тен 15 жас аралығындағы мүгедек балаларды медициналық сауықтыруға және әлеуметтік бейімдеуге көмек көрсету. Орталық облыстың барлық аудандарынан және Ақтөбе қаласынан келген 40 баланы бір мезгілде емдеуге есептелген. Онда 70-ке жуық медицина және қызмет көрсету қызметкерлері жұмыс істейтін болады.
Орталықтың ашылу салтанатына облыстық білім басқармасының бастығы Амангелді Құдайбергенов, Алға ауданы әкімінің орынбасары Нұрхан Ағниязов, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Федор Чемоданов және облыстық Қызыл Жарты Ай қоғамының төрағасы Нұрлан Үдербаев қатысты.
«Мектепке жол» республикалық акциясының аясында Алға ауданындағы 10 мүгедек балаға мектеп жабдықтары салынған портфельдер, киімдер мен аяқ-киімдер сыйға берілді.