Ақтөбе облысында Самара-Шымкент жолы жабылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде Қобда ауданынан Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралық жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті ауа райына байланысты Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылғанын хабарлады.
Жаңбыр мен көктайғаққа байланысты Қобда ауданынан Батыс Қазақстан облысы шекарасына дейінгі аралық жабылды.
«Осыған байланысты аталған бағытта жолға шықпауға кеңес береміз», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.