Ақтөбе облысында саяжай үйінен 100 келі есірткі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында құрылысы аяқталмаған саяжай үйінің жертөлесінен 100 келіден астам есірткі табылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, хабарлайды ҚазАқпаратт тілшісі.
None
None

«Кеше, 30 қаңтар күні Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен Полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері саяжай аумағындағы құрылысы аяқталмаған үйдің жертөлесінен бес бірдей қытай сөмкесін тапты. Оларды тексеру барысында салмағы 100 келіден астам ерекше иісі бар, өсімдік тектес затты анықтады», - делінген комитеттің хабарламасында.

Есірткі заттарының «иесінің» айтуына қарағанда, сөмкеде марихуана болған. Дегенмен, табылған заттың құрамын сот-химиялық сараптама анықтайтын болады. Қазіргі уақытта табылған затты талдау және сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар