Ақтөбе облысында «Жас сақшы» жасағы құрылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Жас сақшы» жасағы құрылды. Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Нұрлан Күнтуов хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жасақ қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында құрылған.
«Ерікті жастар патрулінің мүшелері құқық қорғау органдарымен бірлесіп, құқықтық тәртіпті қорғауға, бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысып, бірқатар рейдтер өткізді», - деді Нұрлан Күнтуов.
Оның айтуынша «Жас сақшы» жасағының құрамына облыстағы төрт жоғары оқу орнының студенттері кіреді. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттерімен бірлесіп, олар студенттік жатақханалардағы ахуалды қадағалайды.
Иллюстрациялық фото