Ақтөбе облысында жеңіл көлік аударылып, зейнеткер көз жұмды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан зейнеткер қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
17 қазан күні Nissan X-Trail автокөлігі Байғанин ауданы Жарлы ауылынан екі шақырым жердегі Ақтөбе-Астрахань автожолында жолдың жиегіне аударылып қалған.
Көлік тізгінінде 28 жастағы қыз болған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 69 жастағы жолаушы әйел Байғанин ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.
Онда зейнеткер алған жарақатынан қайтыс болды.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ