Ақтөбе облысында жетім жиенінің пәтерін заңсыз сатқан қамқоршыға қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ақтөбе облыстық прокуратурасы өзінің жетім жиенін алдай отырып, оған мұрагерлік бойынша тиесілі пәтерді заңсыз сатқан теріс пиғылды қамқоршыға қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев айтты.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, прокуратураның талап арызы бойынша кінәлі қамқоршыдан кәмелетке толмаған қыздың пайдасына 2 млн. 399 мың теңге мөлшерінде залал өндіріліп алынды. «Осыған ұқсас фактілер бойынша Алматы қалалық прокуратурасы да қамқоршыларға қатысты екі қылмыстық іс қозғады, олар тергелуде», деді ол.

Соңғы жаңалықтар