Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам қаза болып, 5 адам ауруханаға түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21 тамыз күні сағат 12:30-да Темір ауданына қарасты Покровка-Жаңажол автожолының 54-шақырымында Қандыағаш қаласынан Кеңкияқ ауылына бағыт алған Lada Largus автокөлігі аударылып қалған.

Автокөлік рөлінде болған 40 жастағы әйел және 3 жолаушы (оның ішінде бір бала) оқиға орнында, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды.

Сонымен қатар, бес адам (оның үшеуі бала) Кеңкияқ ауруханасына жатқызылды.




Соңғы жаңалықтар