Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бір бала мерт болды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бір бала мерт болды,
None
None

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Сейсенбі күні Ақтөбе қаласында сағат 20.20-да «Hunday» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні - 8 жасар баланы қағып кеткен,  бала оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Сол күні Ақтөбе облысындағы Қиыл ауылында «Самара-Шымкент» автожолының 67-ші шақырымында сағат 11.57-де «Hunday» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай аударылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші және 3 жолаушы ауруханаға түсті.

Соңғы жаңалықтар