Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасының азаюы байқалады
Жол полициясы басқармасының аға инспекторы Нина Зиновьеваның айтуынша, 2009 жылдың 8 айы ішінде 210 жол-көлік оқиғасы болып, 60 адам мерт болған, 244 адам жарақат алған. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 244 жол-көлік оқиғасы болып, 63 адам қаза тапқан, 285 адам жарақат алған еді.
Жол полицейлері тұрақты түрде алдын алу жұмыстарын жүргізіп келеді, балалар жарақаттануына айрықша көңіл бөледі. Кезекті осындай акция бүгін облыстық клиникалық ауруханада өтті. «Дөңгелек үстел» басына дәрігерлер, білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ түрлі жол-көлік оқиғасында зардап шеккен балалар жиналды. Дәрігерлер балалардың жарақат алғаннан кейін қалпына келуі бойынша консультациялар берді, полицейлер ата-аналарды қырағы болуға және бүлдіршіндерді қараусыз қалырмауға шақырды.