Ақтөбе облысында жол үсті миына қан шапқан жүргізуші ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында күре жол бойындағы дәмханада денсаулығы күрт нашарлаған ер адам шұғыл аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында жол үсті миына қан шапқан жүргізуші ауруханаға жеткізілді

«Бүгін 09:30-да Ақтөбе облысының «Қарабұтақ» трассалық медициналық-құтқару бекетіне жол бойындағы дәмханалардың бірінде ер адамның жағдайы кенет нашарлап, есінен танғаны туралы хабар келді. Құтқарушылар 3 минуттан соң оқиға орнына жетті», - делінген хабарламада.

57 жастағы алыс жолға жүретін жүргізуші көмекшісімен бірге КамАЗ автомашинасымен Қостанайдан Қызылордаға бара жатқан. Жолда оның денсаулығы сыр бере бастап, жол жағасындағы дәмханалардың біріне тоқтаған.

Дәрігерлер тексергенде ол тілге келе алмаған, қай мезгіл, өзінің қайда екенін білмеген. Алдын ала ми қан айналымының өткір бұзылуы (инсульт) диагнозы қойылып, емдеу шаралары басталды.

20 минут ішінде ер адам Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі кезде оны дәрігерлер қатаң қадағалап отыр, денсаулық жағдайы қалыпты.