Ақтөбе облысында жолдан шығып кеткен вагондардың 6-уы өртеніп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шілденің 30-ында 15 сағат 20 минутта Ақтөбе темір жол бөлімшесінің Қандыағаш-Жем теліміндегі Құдық-Жем қума жолында №2908 жүк пойызының 20 вагоны жолдан шығып кетті. Соның салдарынан 6 вагон өртене бастады, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

Ақтөбе облысында жолдан шығып кеткен вагондардың 6-уы өртеніп жатыр

«Апат салдарын жоюға қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары дер кезінде кірісті. Өрт 18 сағат 10 минутта өшірілді. Аталмыш жол теліміндегі сапасын тексеру жұмыстары 2015 жылғы шілденің 17-сінде өткізіліп, оған «үздік» баға қойылған болатын», делінген хабарламада. Апаттың себеп-салдарын тексеру мақсатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанынан арнайы комиссия құрылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.