Ақтөбе облысында жұмысынан қала беретін шенеунік қызметінен босатылды

АҚТӨБЕ. Қазақпарат - Ақтөбе облысында жұмысынан қала беретін мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды. Оның үстінен әріптестері әдеп жөніндегі кеңеске шағымданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Шалқар ауданы ауыл шаруашылық инспекциясының басшысы жұмысқа келмегені былай тұрсын, қоластындағы қызметкерлеріне не нұсқау бермеген, не жоғары жақтан келіп жатқан тапсырмаларды орындауға күш салмаған. Кейін басшының мәселесі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінде, әдеп жөніндегі кеңесте қаралған.

«Өзінің жұмысына немқұрайлы қарайды деген арыз-шағымды тексергенде,  мәселенің барлығы расталды. Біз ол кісіні қызметінен босаттық», - дейді департамент басшысы Қайыржан Токушев.

Жалпы, Ақтөбе облысы бойынша, жыл басынан бері әдеп жөніндегі кеңестің 12 отырысы өткен. Комиссия шенеуніктерге қатысты  22 істі қарап, оның ішінде 2 мемлекеттік қызметшіні жұмыстан босатуға шешім шығарған. 12 адам өзінің атқарып отырған қызметіне сай болмай шықты.

Зада Зейін

Соңғы жаңалықтар