Ақтөбе облысындағы Жоғарғы Ырғыз кен орнында қатты пайдалы қазбалар барланбақ

None
Фото: Ұлттық атом компаниясының баспасөз қызметі
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазатомөнеркәсіп» сирек кездесетін металдардың жеке кен орнын игеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық атом компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компанияның еншілес ұйымы – «Үлбі металлургия зауыты» АҚ Ақтөбе облысындағы Жоғарғы Ырғыз кен орнында қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алды. Сирек металдардың (тантал, ниобий, бериллий) қорлары мен ресурстарын бағалау және растау үшін кәсіпорын учаскеде жер қойнауын геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді.


Жоба атом холдингіне қолданыстағы өндірісті өзінің минералды-шикізат базасымен қамтамасыз етуге, түпкілікті дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, экономикалық тиімділікті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.


Айта кетсек, Ұлттық атом компаниясының мол тәжірибесі мен құзыреттілік деңгейі бар, сондай-ақ жоғары тазалықтағы сирек және сирек жер металдарын алу саласында заманауи технологияларға ие. Үлбі металлургия зауыты – Қазақстандағы бірегей кәсіпорын және уран, бериллий, тантал мен ниобий өнімдерін әлемде танылған өндірушілердің бірі.


Соңғы жаңалықтар