11:06, 18 Тамыз 2021 | GMT +5
Ақтөбе облысындағы жол бойы сервистік нысандар Ұлттық стандартқа сәйкестендіріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысындағы жол бойы сервистік нысандар Ұлттық стандартқа сәйкестендіріледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні Ақтөбе облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында сервистің 109 нысаны орналасқан. Оның ішінде нысан Ұлттық стандартқа сәйкес келеді. 2025 жылға дейін өңірдегі барлық сервис нысандары Ұлттық стандартқа сәйкес келетін болады», - деді бірінші вице-министр.
Сонымен қатар Қайырбек Өскенбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ақтөбе облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарында көзделген іс-шараларды уақытылы және сапалы іске асыруды қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті іс-шараларды қабылдайтындығын баса айтты.