Ақтөбе облысының 27 мектебі автобустармен қамтамасыз етілді

None
None
АҚТӨБЕ. Мамырдың 12-сы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облыстық әкімдігі шалғайда тұратын оқушыларды тасымалдау үшін 103 млн. теңгеге 27 автобус сатып алды.
Бүгін әкімдік алдындағы алаңда аймақ басшысы Елеусін Сағындықов мектеп директорларына автобустардың кілтін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық білім департаментінің мәліметтері бойынша, екі жылдың ішінде мектептерге барлығы 47 автобус алып беру көзделген. Облыс әкімінің айтуынша, биыл білім беру жүйесіне зор көңіл бөлініп отыр: 2009 жылғы қаңтардан бастап көп жылдан бері алғаш рет мектеп оқушыларын ыстық тамақпен толық қамтамасыз ету шешілді, студенттер үшін гранттар ұлғайтылуда, педагогтардың, соның ішінде жас мамандардың тұрғын үй жағдайлары шешімін табуда. «Егер педагогикалық институттың 200 түлегі аудандарға баратын болса, олардың 70-ін биыл үймен қамтамасыз етеміз, қалғандарының үй мәселесін 3 жылдың ішінде шешеміз, олар үшін 500 мың теңгеден есепшот ашамыз. Мыңнан астам мұғалім биыл облыс әкімінің грантын алады», - деді Елеусін Сағындықов.
Соңғы жаңалықтар