Ақтөбе облысының тұрғыны коронавирус жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 58-ге жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысының тұрғыны коронавирус жұқтырды

Комитеттің 2020 жылғы 22 наурыз сағат 20:30-дағы жағдай бойынша таратқан мәліметіне қарағанда, коронавирус жұқтырған азамат - Ақтөбе облысының тұрғыны.

Осылайша, елімізде вирус жұқтырғандар саны 58 болды. Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда - 23, Қарағандыда – 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелген.