Ақтөбе облысының үш ауданында көлік қозғалысы қалпына келді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында жолдар ашылып, жеңіл және жүк көліктерінің қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының үш ауданында көлік қозғалысы қалпына келді

Жол қозғалысы шектелуіне байланысты блокпосттарға жүк және жеңіл көліктер жиналған болатын.

«Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылында 115 жүк, 140 жеңіл автокөлік, Т. Жүргенов ауылында 29 жүк, 13 жеңіл, Хромтау ауданы бойынша 60 жүк көлігі тоқтатылды. Қобда ауданы бойынша 80 жүк, 5 жеңіл автокөлік қозғалысы шектелді.

ТЖД қызметкерлері жолда тұрған жолаушыларға өрт қауіпсіздігі, улы газдың зияны туралы айтты. Машина ішінде ұйықтауға болмайтынын, алыс сапарларға шыққанда «Дәрмен» қосымшасын бақылап, 112 хабарламасына құлақ түруді ескертті», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде жолдар ашылып, жеңіл және жүк көліктерінің қозғалысы қалпына келтірілді.