«Ақтөбе» өз алаңында «Қайратты» сүріндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 18-турында Қызылорданың «Ақтөбе» өз алаңында «Қайратты» сүріндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе» өз алаңында «Қайратты» сүріндірді

Турнир кестесінде командалар қатарлас тұр. Десе де екеуінің арасында алты ұпай айырмашылығы бар еді. Екеуі негізінен үшінші орын үшін сайысқа түсіп келеді. Ақтөбелік клуб жеңіске жеткен жағдайда қола жүлдеге жақындай түсетін.

Ойынның бірінші кезеңі тартысты өтті. Алаң иелері қатарынан Шина 20, Элдер Сантана 34- минутта соққан голдарға алматылық клубтан Дмитрий Сергеев 29, Артур Шушеначев 45-минутта екі голмен жауап қайырды.

Екінші кезеңде «Ақтөбе» сапынан Әлібек Қасым 52, Дмитрий Шомко 57-минутта мергендік танытып, есепті үстемелей түсті.

Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсіп, үшінші орынға 38 ұпаймен берік орнықты.

Айта кетсек, 6 тамызда «Қайсар» Қостанайда «Тобылды» жеңіп кетті.

Аталған турда 5 тамызда «Каспий» «Ақсуды» 3:1 есебімен тізе бүктірсе, «Жетісу» мен «Қызылжар» 1:1, «Шахтер» мен «Атырау» 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Аталған турдағы «Ордабасы» (Шымкент) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) кездесуін 27 қыркүйекте өткізу жоспарланып отыр.

Бұл турдағы «Астана» мен «Оқжетпес» (Ақмола облысы) белгісіз мерзімге кейінге қалдырылған.