Ақтөбе полицейлері зауытты өрескел тонаудың алдын алды
АҚТӨБЕ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Төрт белгісіз адам полиэтилен зауытын тонауға тырысқан, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
Шабуылдаушылар зауыттың күзетші вагонына баса көктеп кіріп келіп, 50 жастағы күзетшіні ұрып-соғып, байлап қойған. Дер кезінде келіп жеткен жол-патрулдік полиция батальонының қызметкерлері 27-36 жастар шамасындағы төрт ер адамды ұстады. Қылмыскерлер ақша, ұялы телефон және компьютерді ұрламақшы болған.
Сұрақ-жауап алу кезінде ұсталғандар істеген істерін толығымен мойындады. Қазіргі уақытта күдіктілер ҚР ҚІК 132-бабында көрсетілген тәртіппен Ақтөбе қаласы уақытша қамау оқшаулағышына тоғытылды. Жеке тексеру жүргізу кезінде күдіктілерден орамал, көз орнынан кесілген ойығы бар тоқылған бас киім және скотч тәркіленді.