09:30, 31 Қаңтар 2023 | GMT +5
Ақтөбе тұрғыны есірткі сатқаны үшін ұсталды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп Есірткі және психотроптық заттарды аса ірі көлемде сақтау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаржылық барлаудың талдамалық материалдары негізінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткінің түрлерін, оның ішінде синтетикалық есірткілерді аса ірі көлемде сатумен айналысқан Ақтөбе қаласының тұрғыны анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ол қылмыс үстінде ұсталып, оның тұрғылықты жерінде тінту жұмыстары жүргізіліп, одан «Alfa-PVP» синтетикалық есірткі заты; кокаин және каннобиноидты топтың есірткі заттары табылып, тәркіленді.
Аталған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.