«Ақтөбе» түркістандық «Тұран» футбол командасын жеңді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бұл - «Ақтөбе» футбол клубының қоржынындағы кезекті жеңіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақтөбе» түркістандық «Тұран» футбол командасын жеңді

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов матчқа арнайы келіп, командаға қолдау білдірді.

Футболдан Қазақстан чемпионатының 24-ші туры аясында ақтөбеліктер өз алаңында түркістандық «Тұран» клубын қабылдады.

Ойын қазақтың белгілі бапкері Сұлтан Әбеновті бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

Әсерлі ойынның қорытындысы бойынша «Ақтөбе» 3:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Қазақстан Премьер Лигасының 24-турынан кейін «Ақтөбе» футбол клубы қазір ел біріншілігінде 48 ұпаймен көш бастап тұр.

Екінші орында 47 ұпаймен «Астана» ФК келеді.