Ақтөбе жанармай бекеттеріндегі сұйытылған газ мәселесі шілде айында шешіледі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі жанармай бекеттерінде сұйытылған газ тапшылығы сезілуде. Газ бағасы төмен болғандықтан, көптеген автокөлік иелері арзан отынға көшуде. Арнайы брифинг барысында облыстық энергетика және тұрғын үй бөлімінің жетекшісі міндетін атқарушы Амантай Бекниязов осылай мәлім етті.
None
None

«Сұйытылған газ үшін өңірлерге берілетін ай сайынғы квота 4-4,2 мың тоннаны құрайды. Және біздің есебіміз бойынша өңірімізде 206,9 мың автокөлік бар. Оның ішінде 24 мың көлік газды қолданады. Бензин бағасынан 4 есе арзан болғандықтан, көпшілігі газ отынына көшіп жатыр. Сондай-ақ, облыс әкімдігінің көлік құралдары - 850 көлік газды пайдалануды бастады», деп мәлімдеді А.Бекниязов.

А.Бекниязовтың айтуынша, шындығында, ай сайын Ақтөбе өңірі  5 400 тонна газ пайдаланады. Шілде айынан бастап, 4200 тонна көлемінде жаңа газбен жабдықтау басталады. Осыған байланысты өңірлік атқару тобы энергетика министрлігінен газға квотаны көбейтуді сұрайтын болады.

 «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ және «Қазақойл» ЖШС өндірген газ тағы 4 облысқа қажеттіліктерін өтеу үшін жіберіледі, деп атап өтті А.Бекниязов.

Соңғы жаңалықтар