Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарда республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 2016 жылғы 18 ақпанда Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) көліктің барлық түрлеріне жол қозғалысы шектелді:
None
None

1. «Ақтөбе-Орск» 16-135 шақырымдар, Ақтөбе қаласынан РФ шекарасына дейін;

2. «Самара-Шымкент» 526-710 шақырымдар, БҚО шекарасынан Құршысай кентіне дейін;

3. «Солтүстік айналма» Ақтөбе қаласы 0-39 шақырымдар.

Бұдан басқа, «Самара-Шымкент» автожолында қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін Белогорка кентінен Хромтау қаласына дейінге учаскеде (773-835 шақырым) жол жабылды.

«Сондай-ақ, БҚО-да (Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты) «Самара-Шымкент» автожолында (Жымпиты кентінен Ақтөбе облысының шекарасына дейін учаске, 392-526 шақырымдар) көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысын шектеу сақталуда», - делінген «Қазақавтожол» АҚ хабарламасында..

Соңғы жаңалықтар