Ақтөбе және Қостанай облысында жол жабылды

АСТАНА.KAZINFORM – ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

метель, буран, зима, закрыта дорога, боран, қыс, жол жабық
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Ақтөбе облысы:

2026 жылғы 8 наурыз сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығында (Ақтөбе қаласы — Қарабұтақ кенті) барлық көлік түріне шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылы 9 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Сонымен қатар 8 наурыз сағат 15:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965–1153 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарабұтақ ауылы – Ырғыз ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Жолды 2026 жылғы 9 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Қостанай облысы:

8 наурыз сағат 15:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 108-218 шақырым аралығы (Әулиекөл елді мекенінен Октябрьский елді мекеніне дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Жолды 2026 жылғы 9 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұған дейін 8 наурызда елдегі қай жолдар жабық тұрғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум