Ақтөбеде 100-ден астам жаңажылдық шырша орнатылады

АҚТӨБЕ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде жаңажылдық шыршалар орнатылуда. Алғашқы шыршалар облыстық әкімдік алдындағы алаңда және Тұңғыш Президент атындағы саябақта орнатылып, қала келбетіне көрік беретін болады.

Ақтөбеде 100-ден астам жаңажылдық шырша орнатылады

Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылы қаланың саябақтарында, алаңдарда және көшелерде 100-ден астам жаңажылдық шырша орнатылмақ.

Шыршалар оқу орындарының, әлеуметтік-мәдени маңызы бар нысандардың алдында және базарларда орнатылып, безендендірілуде.