Ақтөбеде 12 жасар баланы қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан ізін жасырған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтарда Батыс-2 шағын ауданындағы Тәуелсіздік даңғылының бойында кешкі уақытта белгісіз автокөліктің жүргізушісі 12 жастағы баланы қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Opel Astra автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) және 611-бабы 2-бөлігі (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұза отырып жол-көлік оқиғасы болған орнын қалдыруы) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Медициналық тексерістен кейін жасөспірім бала үйіне қайтарылды.


Соңғы жаңалықтар