Ақтөбеде 200 жас отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алады - әкімдік
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасының «Жас отбасыларға арналған баспана» бағытын іске асыру бойынша қалалық комиссия 216 пәтерге үміткерлерді іріктеу қорытындысын шығарды, деп хабарлайды strategy2050.kz әкімдікке сілтемемен.
«Қалалық әкімдіктің тұрғын үй қоры есебі секторының меңгерушісі Жанаргүл Дүйсекенова банкке төлем қабілеттерін растау үшін жөнелтілген 216 үміткердің түрлі процедуралар бойынша 29-ының іріктеуден өтпей қалғанын айтты», - делінген хабарламада.
Хабарламада айтылғандай, сонымен қатар комиссия тағы да осыншама үміткерді банктерге жөнелткен.