14:33, 20 Маусым 2023 | GMT +5
Ақтөбеде 25 қой-ешкі пойыз астына түсіп қалды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Сарысай-Хромтау стансалары аралығында пойыз шұғыл тоқтатылды. Жол бойына қой-ешкі шығып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қандыағаш стансасы желілік полиция бөлімінің хабарлауынша, оқиға Сарысай-Хромтау аралығында тіркелді. Онда жолға 25 бас қой-ешкі шығып кетіп, жүк вагондарын тіркеген тепловоз шұғыл тоқтатылды. Ақпаратқа сүйенсек, пойыз шұғыл тоқтаған кезде 5 қой өлді.
«Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 559-бабы 1-бөлігіне сәйкес Хромтау ауданы, Сарысай ауылының тұрғынына айыппұл салынды. 64 жастағы тұрғын малын қараусыз қалдырғаны үшін 9 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді»,- деп хабарлады Қандыағаш стансасы желілік полция бөлімі.