Ақтөбеде 7 қабатты үйдің терезесінен құлаған 5 жасар бала көз жұмды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде қайғылы жағдай болды. Бөлмеде ойнап жүрген 5 жасар бала терезеден құлап кетті. 

5 жасар бала
Фото: UHA / Kazinform

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жаз мезгілінде терезе жиі ашық тұратынын айтып, тұрғындарға жиі ескерту жасап келеді. Дегенмен балалардың терезеден құлап кету дерегі жиілеп кетті. 

– Бала бөлмеде ойнап жүріп, терезе алдына шыққан. Олар көпқабатты үйдің 7-қабатында тұрады. 5 жасар бала абайсызда құлап, алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Биыл облыста 7 бала терезеден құлады. Біреуі қайғылы аяқталып тұр, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Еске салсақ, 6 және 7 мамыр күндері екі бала бесінші қабаттан құлап кетті. Олардың бірі – 2-де, ал, екіншісі – 5 жаста. Екеуі де бірден облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Бес жасар баланың облыс орталығына Шалқар ауданынан келгені анықталды. 

 

Соңғы жаңалықтар