Ақтөбеде Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы мен Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығы өтеді
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Өңірде республикалық ақындар айтысы мен танымдық конференция жоспарланған.
Биыл Ақтөбе жерінде қазақ музыкасының негізін қалаушы, композитор Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы, ақын, сазгер Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған бірқатар шара жоспарланды.
- «Жұбановтар көктемі-2026» апталық шарасы өтеді. Б.Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған «Бәкір мұрасы – ұрпаққа аманат» республикалық ақындар айтысы, танымдық конференция ұйымдастырылады. Бұдан өзге «Жүрегім жырлап тұрады» поэтикалық драмалық қойылым, республикалы ән байқауы өтеді,- деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова.
Айта кетейік, биыл Т.Ахтанов атындағы драма театр 8, «Алақай» қуыршақ театры 5 жаңа премьера ұсынады.
Еске салсақ, Ақтөбеде облыстық музей экспонаттарының 28% ғана цифрлық форматқа көшірілді. Музейдегі экспонат саны 142 мыңнан асады.