Ақтөбеде алаяқтыққа күдікті Молдавияның азаматы ұсталды

АҚТӨБЕ. 27 маусым. ҚазАқпарат - Ақтөбеде алаяқтыққа күдікті Молдавияның азаматы ұсталды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

Кеше ішкі істер органына 3 әйел арызданды, олардың сөздеріне қарағанда белгісіз ер адам алдап-арбау арқылы «Нокиа Н-9» маркалы телефонын сатып жіберген, келтірілген шығын 75 мың теңгені құрады.

Ақтөбе қаласы ІІБ криминалды полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру шараларының барысында 38 жастағы Молдавия Республикасының азаматы ұсталды.

Қосымша тексеру амалдарының барысында анықталғандай, күдікті жәбірленушілерге 3 рет ақауы бар ұялы телефондарды сатып жіберген. Ұялы телефондар 1 сағаттан кем уақытқа шыдаймай, істен шыққан.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 177 бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, оған ешқайда кетпеу жөнінде қолхат берілді. Тексеру амалдары жүргізілуде, полиция қызметкерлері ол ақауы бар ұялы телефондарды қайдан алғанын анықтау үстінде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум