Ақтөбеде әскери шеру болып өтті

АҚТӨБЕ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Ақтөбеде Ұлы Жеңістің 64 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар бүгін таңертеңнен басталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ақтөбеліктер Мәңгілік алауға, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне, «Зеңбірек» белгі-ескерткішіне, Бауырластар қабіріне барып гүл қойды. Майданда опат болғандарға арналған салтанатты митинг болды.Әбілқайыр хан атындағы орталық даңғылда Ақтөбе әскери гарнизонының, күш құрылымдарының, әскери-патриоттық бірлестіктердің әскери шеруі болып өтті. Шеруді тамашалауға соғыс ардагерлері, облыс және қала басшылары шақырылды.«Біздің облысымыздан майданға 122 мың жауынгер шақырылды, олардың 36 200-і құрбан болды, қазір Ұлы Отан соғысының 659 ардагері арамызда жүр. Сіздер Отанымыздың нағыз патриоттары болып табыласыздар, біздер өзімізді сіздердің алдыларыңызда борышты санаймыз», ? деді облыс әкімі Елеусін Сағындықов.
Соңғы жаңалықтар