Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, жолаушы әйел қаза тапты
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 15:00 шамасында Ақтөбе қаласындағы Сейітов көшесінде ВАЗ-2107 автокөлігі мен DAEWOO автобусы соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Салдарынан ВАЗ-да отырған жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
Сол көліктегі 10 жасар бала ауруханаға жатқызылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.