Ақтөбеде автобуста шыққан жанжал кісі өліміне себепші болды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде автобуста жанжал шығып, ол кісі өліміне себеші болды. Оқиға 29 тамыз күні күндіз Ақтөбенің орталығында болған, деп хабарлайды mgorod.kz порталы.
Автобуста екі жас жігіттің арасында жанжал шыққан. Олар аялдамалардың бірінен шығып, төбелесе кеткен. Төбелес барысында жігіттердің бірі қарсыласына пышақ салған. Пышақ салған адам оқиға орнына қашып кеткен, ал зардап шекен жігіт қайтыс болды.
Жігіттің жасы 25-те болған. Оның артында жүкті әйелі қалды. Күдікті оқиға болған күні ұсталды.