Ақтөбеде балалардың аулалық клубтары жұмыстарын қайта жандандыратын болады

АҚТӨБЕ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Кеше Ақтөбенің қалалық әкімдігінде 2009 жылға арналған жазғы кезеңде балалардың демалысын, денсаулығын және бос уақытын қамтуды ұйымдастыру комиссиясының отырысы болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қала әкімінің орынбасары Сәния Қалдығұлованың сөзі бойынша биылғы жылы жазғы демалыспен 40 мыңға жуық бала қамтылмақшы, осы мақсатқа арналып бюджеттен 47 млн.теңге бөлу көзделіп отыр. Бюджет қаражаты есебінен басым тәртіпте жетім сәбилер, арнайы көмек алатын ата-аналарының қарауындағы жасөспірімдер, мүгедек балалар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар демалады.Бюджет қаражаты есебінен қала сыртындағы лагерьлерде 900-ге жуық, ата-аналарының қаражаты есебінен 13 614 бала демалады. 15 мектептің базасында мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істейтін болады, оларда 1 165 оқушы демалады. Мектептердің жанын еңбек және тынығу лагерьлері де жұмыс істейді. Осындай 10 лагерь 10 ауысымда жұмыс істейтін болады, оларда 500-ге жуық оқушылар демалып, табыс табады. Балалардың 7 күн ішінде 4 714 теңге табыс табуларына мүмкіндіктері бар.
Соңғы жаңалықтар